148 ОҚУШЫ ДАРЫНДЫЛАР СЛЕТІНДЕ

Бүгін аудандық жастар орталығында дәстүрлі аудандық дарынды оқушылардың «Жанам деген жүрекке от берейік» тақырыбындағы XVI сльеті өтіп, барлығы 148 оқушы қатысты.

Салтанатты шарада Халықаралық және Республикалық байқаулардың жүлдегерлері Гүлнара Арнұрқызы (Б.Нысанбаев о/м), Аманжан Тұрланов, Лязиза Кенжеғалиева, Кристина Горшкова, Айкөркем Ғалымжанова (Ш.Уәлиханов о/м), Арайлым мен Қарлығаш Құсайынова, Аружан Аязбай, Ахмади Амангелді (Аққала о/м), Орынай Нариманова (Есбол о/м), Абдулхаким Төлеген, Нұрасыл Иса, Нұрбол Жолдасов (М.Әуезов о/м), Гүлсезім Есенғалиева (М.Мөңкеұлы о/м), Нұрхат Исламғали, Алихан Меңдігереев (оқушылар ш/о) және Әділхан Дауылбай (Ә.Кекілбайұлы о/м) сынды дарынды оқушылар төрге шақырылып, оларды аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов құттықтап, Алғыс хат тапсырды.

Сондай-ақ өзге де үздіктерді аудандық мәслихаттың депутаты Жанай Амантурлин, аудандық білім бөлімінің уақытша міндетін атқарушы Шәрбану Сабирова, Жамбыл атындағы орта мектебінің директоры Майра Сабирова, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Майдан Батанов, Бөдене саз мектебінің "Әсем-әуен" термешілер ансамблінің жетекшісі Гүлбаршын Сариева марапаттап, жүрекжарды тілектерін білдірді.

Кеш соңында "Әсем-әуен" термешілер ансамблі, Арыстан мен Гүлхан Нығметолла және «Сымбат» бишілер тобы мен «Інжу-Маржан» би тобы өз өнерлерін көрсетті.

Диас АЙБАР

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика