Мектептерде жаңа жылдық кештер өткізілмейді

Қазір қашықтан оқып жүрген балаларға мектепте жаңажылдық шара ұйымдастырылмайды. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас санитар мектеп оқушыларының екінші тоқсанда біразы неліктен офлайн режимде оқуға көшкенін де түсіндірді.

"Оқудың жаңа форматына көшудің себебі - кезекші сыныптағы оқушылардың арасында аурушаңдықтың төмендігі болып отыр. Ата-аналардың көпшілігі қазіргі кезде жұмыс істейді және мониторинг нәтижесі бойынша мектептер офлайн режимде жұмыс істеуге дайын екені анықталды. Бірақ эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда оқыту форматы бойынша өңірдегі мемлекеттік бас санитар дәрігермен бірлесіп, әкімдік жанындағы штаб шешім шығарады. Бүгінде кезекші сыныпта тек 1-4 сынып және халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін, сондай-ақ келетін бала саны 300-ден асырмай сабақ өтуге рұқсат етілді", - деді ол.

Сондай-ақ Айжан Есмағамбетова мектептегі асхана мәселесін қалай шешуге болатынын атап өтті.

"Кезекші топта оқитын балаларды тамақтандыру мәселесі мектептің материалдық-техникалық жағдайына байланысты. Мектеп басшылары мен өңірлік бас санитар дәрігерлер бірлесіп шешетін болады", - деді ол.

Комитет төрайымы биыл дәстүрлі режимде оқып жатқан балаларға жаңажылдық кеш өткізуге рұқсат етілмегенін атап өтті.

"Мектепке барып жүрген оқушыларға жаңажылдық шыра ұйымдастырылмайды", - деді Айжан Есмағамбетова.

Еске салайық биыл ел мектептері екінші тоқсанды 16 қарашадан бастады.

Tengrinews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521