ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ – ӘРКЕЗ НАЗАРДА

Индер аудандық қоғамдық кеңестің жиыны өтіп, онда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы А.Серікқалиева 2023 жылы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

– Өткен жылдың қорытындысымен 136 отбасындағы 796 адамға 72109,0 млн.теңге атаулы көмек тағайындалып, оның ішіндегі 1-6 жасты қоса алғандағы 201 балаға 7447,0 млн.теңге қосымша төлем тағайындалды. 2024 жылдың 1 маусымына 91 отбасындағы 535 адамға 30,8 млн.теңге атаулы әлеуметтік көмек, 69 отбасындағы 1-6 жас аралығындағы 138 балаға 3,3 млн.теңгенің кепілдендірілген әлеуметтік топтама (1 балаға – 5538 теңге) шығындары төленді. АӘК алушылар ішінен 35 жұмысқа қабілеті азамат жұмысқа орналастырылды. Өткен жылғы есеппен ауданда 1523 мүгедек бар. Оның ішінде 299-ы – І топ, 454-і – ІІ топ, 588-і ІІІ топ болса, бала жастан мүгедек 182 бала бар. Әлеуметтік қызмет порталы арқылы 649 адам жеке оңалту бағдарламасы бойынша шаралармен қамтылды. Мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесімен «Сенім шыңы» қоғамдық қоры 41 мүгедектігі бар жанға инватакси қызметін көрсетіп отыр, - деген бөлім басшысы өткен жылы 15 нысанға, биыл 6 нысанға бейімдеу жұмыстары жүргізілгендігін атап өтті.

Өткен жылы жергілікті бюджет есебінен даталы күнге орай 1512 мүмкіндігі шектеулі жанның әрқайсына 50 мың теңгеден барлығы 75,6 млн теңгеге, 25 мың теңгеден 37,8 млн теңге әлеуметтік көмек берілсе, биыл 1 маусымға орай қайырымдылық керуені аясында халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарына көмек көрсетілген. Мүмкіндігі шектеулі 100 жан жұмыспен қамтылып, оның ішінде 47-і тұрақты, 22-і ақылы қоғамдық жұмысқа, 4-і әлеуметтік жұмыс орнына, 3-і «Жастар тәжірибесіне», 16-ы кәсіби оқуға жолданса, 4-і қайтарымсыз грант алып, 3-і «Күміс жоба» бағдарламасына іліксе, 1 мүгедек арнайы жұмыс орнымен қамтамасыз етілген. Ауданда 147 мүгедек тұрғын үй кезегінде болса, былтыр 28-і тұрғын үймен қамтылыпты.

Дәрігерлік педагогикалық-психологиялық сараптама комиссиясы шешімімен даму мүмкіндігі шектеулі 115 мүмкіндігі шектеулі бала мектеппен қамтылып отыр. «Мүгедектер спорттық клубында» 40 мүмкіндігі шектеулі жан спорттың 7 түрінен дәріс алады. Денсаулық сақтау бағыты бойынша 78 мүмкіндігі шектеулі азамат массаж, 61-і физиоем, 74-і күндізгі ауруханада ем алса, 64-і үйдегі стационарда, 42-сі тәуліктік стационарда ем қабылдап, 418 мүмкіндігі шектеулі адамға тегін дәрі-дәрмек берілген. Ауданда «Ақ ниет», «Сенім шыңы», «Соқырлар қоғамы», «Мөлдір көз» қоғамдық қорының филиалдары жұмыс жасауда.

Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521