Бүгін 14-18 ақпан күндері аралығын қамтитын аудан көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Ондағы мақсат – кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықты анықтау және алдын алу сондай-ақ, құқықтық сауатылығын арттыру.
Жасөспірімдер – бұл мемлекеттің негізгі тірегі бола отырып, болашақта ел басқаратын ұрпақ өкілдері. Жасөспірімдер өз психофизиологиялық қасиеттерінің толық деңгейде дамып-жетілмеуі және тұрақсыздығына байланысты ересектер, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдардың белсенді, мақсатты және қатаң түрде жүргізілетін қайта тәрбиелеу жұмыстарынсыз өз жүріс- тұрыс әрекетіндегі кемшіліктерді өз бетінше шеше алмайды.
Жасөспірімдік дағдарыс – балалық шақтан ересектік өмірге өту шегі. Жасөспірімдер психологиясы сәбилер мен ересектерден өзгеше. Олар импульсивті, қызбалыққа тез түседі, көңіл-күйі тұрақсыз, өзіне сенімсіздік, әрекетінің дұрыстығына жиі күмәндану тән. Айналып келгенде мұндай психологиялық күй – жасөспірімдердің қылмыстық жолға оңай түсуіне себепші болады.
Әдетте баламен тәрбие жұмысын жүргізу барысында отбасы, мектеп, тіпті, қоғамдық ұйымдарда оларға өмірдің қандай күрделі екендігін, жақсылық пен жамандық араласып, қиындықтар да жиі кездесіп тұратындығы туралы айтыла бермейді. Балалар мен жасөспірімдерді жамандықтан үнемі қорғаштап отыру, өмірде кездесіп отыратын қиындықтар жөнінде сөз қозғамау, жекеленген адамдар тарапынан жасалатын бейморальдық және қоғамға қарсы әрекеттерді, әділетсіздік пен жалғандықты жасыру оларды өмірден түңілтіп, армандары мен сенімдерінің күйреуіне акеп соғады. Сондықтан баланы жай оқытып және тәрбиелеу аздық етеді. Дәл осы кезеңде жасөспірімдерге психологтың көмегі өте қажет. Баланы тәрбиелеу үшін әрбір ұстаздың өзі тәрбиелі болу керек. Себебі бала айтып ұқтырғанан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Әсіресе, бұған баланың қажеттігін толық қанағаттандыру, оны дене және ой еңбегіне үйрету, күн тәртібін дұрыс реттеуге, салауатты өмір сүруге, адал болуға тәрбиелеу – ата-ананың басты міндеті. Сол себепті ата-аналар бала тәрбиесіне немқұрайлы қарамай, олардың күнделік немен шұғылданып жүргендерін, бос уақытта немен айналысатынын қадағалап, олармен жақсы қарым-қатынаста болыңыздар.
Индер ауданының полиция бөлімі