Индерде «ЖЫЛ ҮЗДІГІ 2025» салтанатты шарасы өтті.
Аудан әкімі Серік Нысанбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Абзал Рамазанов жыл ішінде әр салада қызмет атқарған үздіктерді құттықтап, арнайы марапаттарды табыс етті.
Жыл қорытындысымен «Білім саласының үздігі-2025» Назгүл Қыстаубаева, «Үздік медицина қызметкері-2025» - Светлана Молдағалиева, «Үздік мемлекеттік қызметші-2025» Гульфия Алдабергенова, «Үздік құқық қорғау қызметкері-2025» Серік Құлшарипов, «Үздік коммуналдық сала қызметкері-2025» Еркінғали Ибрашев», «Үздік әлеуметтік серіктестік-2025» “MM Project” ЖШС Рүстем Қабдол, «Үлгілі ауыл-2025» Жарсуат ауылдық округі, «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі-2025» Бейбіт Шамшиденов, «Өнеркәсіп саласының үздігі-2025» Амангелді Бисенбаев, «Үздік әлеуметтік сала қызметкері-2025» Жаңылсын Нұрғазиева, «Үздік кәсіпкер-2025» Асылхан Өтегенова, «Үздік мәдениет қызметкері-2025» Әсем Изтаева, «Төтенше жағдайлар саласының үздігі-2025» Асылбек Ертүгелов, «Үздік спортшы-2025» Арайлым Құсайынова атанды.
Сондай-ақ облыс, аудан әкімінің, аудандық мсәлихаттың алғыс хаттары табысталды.
Салтанатты шара Орал қаласынан келген өнерпаздар мен жергілікті көркемөнерпаздардың концертімен жалғасын тапты.
«Дендер-Ақпарат»


