Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі қай айдан бастап беріледі

Қазақстада жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі 2020 жылдың 1 наурызынан беріле бастайды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Айта кетейік, Қазақстандағы жүргізуші куәлігінің жаңа үлгісі жарияланғаны туралы бұған дейін хабарланған. Аталған шаралар жүргізуші куәлігін және көлік құралын тіркеу туралы куәлікті жеке басын куәландыратын құжаттармен сәйкестендіру үшін қажет және құжаттарды дайындаудың бірыңғай өндірістік стандартына көшуге мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, былтыр қараша айында жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі 2020 жылдан бастап берілетіні жарияланған еді. Алайда жақында Ішкі істер министрлігінің тиісті бұйрығы әзірленіп, жүргізуші куәлігі мен көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілерін беру мерзімі 2020 жылдың 1 наурызына дейін уақытша тоқтатылған. Қазіргі уақытта ескі үлгідегі жүргізуші куәліктері беріліп жатыр.

Тоқтату тұру туралы бұйрық жобасы ашық нормативтік-құқықтық актілер порталында көпшілік назарына ұсынылған. Онда қоғамдық талқылаудың мерзімі 22 қаңтарға дейін белгіленген. Тағы айта кететін жайт, ескі үлгідегі құжаттар айналымға жаңалары енгізілгеннен кейін де жарамды болып қалады, сондықтан оларды тіркеу күні аяқталғанға дейін өзгертудің қажеті жоқ.

Сондай-ақ, ІІМ жүргізуші куәлігін беру кезінде төлеу қажет мемлекеттік баж салығын ұлғайтуды жоспарлап отырмағынын, ол бұрынғыдай 1,25 АЕК болып қала беретінін айтқан еді.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21