Аққалалықтардың арман тілегі орындалып, бүгін ауылдағы 90 орындық балабақша кішкентай бүлдіршіндерге есігін айқара ашты.
Алдымен аудандық білім бөлімінің басшысы Орынша Ділмұқашева ауыл тұрғындарын айтулы күнмен құттықтап, балабақшаға жауапты Елтай ауылдық округіндегі “Қызғалдақ” бөбекжай бақшасының меңгерушісі Маркизат Утешованы таныстырып, тәрбиешілер мен кішкентай бүлдіршіндерге сәттілік тіледі.
Балабақшада 4 топ жұмыс жасайды. “Бөбек” тобында 1-2 аралығындағы бүлдіршіндер, “Мейірім” кіші тобында 2-3 аралығындағы балалар, “Еркемай” тобында 3-4 жас аралығындағы балалар, “Жұлдыз” ересек тобында 4-5 жас аралығындағы балалар қабылданған.
Маркизат Утешованың айтуынша, қазіргі таңда балабақшаға 58 бала жолдамамен қабылданған, әлі де қабылдау жұмыстары жүруде. Сонымен қатар 33 ауыл тұрғыны жұмыспен қамтылып отыр.
Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ауыл тұрғындары үшін бұл игілікті бастама.
Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ,
суреттер автордікі


