Инфрақұрылымды жаңарту – тұрақты дамудың негізі

Жолдау-2025 құжатында елдің инфрақұрылымдық дамуына ерекше мән берілуі – уақыт талабына сай қабылданған шешім. Қазіргі кезеңде сапалы жолдар, инженерлік желілер, заманауи көлік жүйесі және қауіпсіз әлеуметтік нысандар – өңірлердің дамуы мен халықтың өмір сүру сапасын анықтайтын басты көрсеткіштердің бірі.

Мемлекет басшысы атап өткен инфрақұрылымдық жаңғырту шаралары – ел экономикасының тұрақтылығы мен аймақтардың тең дамуын қамтамасыз ететін маңызды бағыт. Әсіресе ауылдық елді мекендерге су, жарық, жылу, интернет жеткізу, ескі желілерді жаңарту, апатты нысандарды қалпына келтіру – тұрғындардың күнделікті тұрмысын жақсартатын нақты қадамдар.

Сонымен қатар көлік-логистика саласын жаңарту, жаңа магистральдар салу, ішкі және халықаралық байланыстарды кеңейту – өңірлердің инвестициялық әлеуетін күшейтіп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына жол ашады. Инфрақұрылымның дамуы тек экономикалық емес, әлеуметтік маңызы бар мәселе екенін Жолдаудағы бастамалар айқын көрсетіп отыр.

Жолдау-2025 инфрақұрылымды ұзақ мерзімді жоспарлау мен тұрақты жаңғыртудың жаңа кезеңін бастайды. Бұл бағыттар жүзеге асса, өңірлердің дамуы жеделдеп, азаматтардың өмір сапасы айтарлықтай жақсарады деп сенеміз.

Сыралиев Б

аудан тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT