2026 жылдан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнаулы салық режимі енгізіледі

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап елімізде өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарға арналған арнаулы салық режимі іске қосылады. 

Бұл жаңа жүйе жеке тұлғаларға жұмысын ресми түрде жүргізуге мүмкіндік береді және салық төлеу үдерісін жеңілдетеді. Арнаулы салық режимі – бұл жеке тұлғаларға арналған жеңілдетілген салық жүйесі. Ол арқылы қызметкерлерді жұмысқа алмайтын немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелгісі келмейтін азаматтар өз қызметін ресми түрде жүргізе алады. Режимнің негізгі ерекшеліктері: жеке кәсіпкер ретінде тіркелудің қажеті жоқ; тек бекітілген қызмет түрлеріне ғана қолданылады; бухгалтерлік есеп жеңілдетілген, касса есептілігі жүргізілмейді; табыс салығы алынбайды, тек 4% әлеуметтік төлем төленеді (зейнетақы, МӘМС және т.б)

2026 жылы режим шамамен 40 қызмет түріне қолданылады. Олардың ішінде такси қызметтері, үйді жалпы тазалау жұмыстары, пошта және курьерлік қызметтер, фотографиялық қызметтер, ауызша және жазбаша аудармашы қызметтері, байланыс құралдарын жөндеу, шаштараз және сұлулық салондары қызметі және тағы басқа түрлер бар.

Кіріс шегі айына 300 АЕК-тен аспауы тиіс, бұл шамамен 1,25–1,3 млн теңгені құрайды. Жаңа арнаулы салық режимі өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін қарапайым әрі тиімді шешім болып табылады.Арнаулы салық режимі өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жұмысын ресми түрде жүргізуге мүмкіндік беріп, салық есептілігін жеңілдетеді. 

Индер ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT