ТАКСИСТЕРГЕ ЗАҢ ЖОҚ ПА?

МЕН БҮГІН ЖАЛПЫ БІЗДІҢ ҚОҒАМДА ЖӘНЕ ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДЕ ЖЕТКІЛІКТІ КӨҢІЛ БӨЛІНБЕЙ ЖҮРГЕН ЕКІ ӘЛЕУМЕТТІК-ТҰРМЫСТЫҚ МӘСЕЛЕ ЖӨНІНДЕ АЙТПАҚПЫН. 

Бірінші. Соңғы жылдардағы қалыптасқан жаппай қымбатшылық жағдайында зейнеткерлердің зейнетақысын көтеру өткір мәселе екендігі және өкінішке қарай, болашақта да сондай болып қала беретіндігі анық болып отыр. Бұл мәселені жергілікті билік органдарының шеше ал майтынын білемін. Бірақ, екінші жағынан, «Жыламаған балаға емшек бере ме?» дегендей, бұл мәселені зейнеткерлердің өздері көтермесе, кім көтереді? Билік басындағылардан, Үкіметімізден зейнетақы мөлшерін көтеру қажеттігі туралы әңгімелер әзірге естілмейді. Ал, мемлекеттік бюджетіміздің жағдайы қиын екені жиі айтылып жүр, сонда болашақтан не күтеміз?

Көңілді осындай ойлар мазалайды. Екінші. Аудан аумағында жола ушыларды тасымалдау жұмысын жеке көлік иелері – такси стер атқарады. Сөз орайына қарай айта кетсек, жолаушы лар тасымалы ісінде екі жылдан бері Үкіметіміз біздің ауданның (облыстың) тұрғындары үшін өте пайдалы істі ұйымдастырып, атқарып келеді. Ол Индербор Атырау аралығына жүретін ав тобус қатынасы: жасалған кесте бойынша жүреді, ең бастысы – жолақысы арзан. Менің айтпағым, осы өзіміздің кентіміз ішінде жүретін такси стер жөнінде. Бұлар бұрынғы жылдары: «Бензин қымбаттады!» деп жолақы құнын адам ба сына 100 теңгеден 150-ге, одан 200 теңгеге көтерді.

 Жалпы айтқанда, жолақы мөлшерінің өсуі жанармай бағасының қымбаттау мөлшерімен бір деңгейде болғаны дұрыс емес пе? Ал, біздің таксистер осы уақытқа дейін бензин бағасы тек 15-20 пайыз өссе де, тарифтерін 30-50 пайызға өсіріп келді. Біздің жұртшылық таксистер де «өзіміздің адам дар» екенін ескеріп, бұған түсіністікпен қарап келді. Алайда, қазіргі кезде, бен зин бағасы өспей тұрғанның өзінде, таксистер тарифтеріне бірден 100 теңге қосып, 300 теңге қылды, яғни 50 пайызға бір-ақ көтерді.

Мұндай бағаны олар қайдан алып, қандай есеппен негіздеп жатқандары түсініксіз. Мысал келтірейік: Атыраудағы таксилер салонға (4 адамға) бір баға қояды және ол баға әр жолаушының жүретін қашықтығына қарай әртүрлі болады. Ал, біздің таксистер отырған әрбір адамнан толық тариф төлеуін талап етеді, яғни небәрі 500 метр жүрсе де 4 адам (300 х 4) 1200 теңге төлеуі тиіс. Бұл, әрине, таксистердің қалталарын тез толтыратын амал, ал, бірақ басқа адам дар, әсіресе зейнеткерлер мен оқушы балалар үшін дұрыс, әділ іс деп айтуға бола ма!? Таксист азаматтар басқа жақтан келген адамдар емес, өзіміздің ағайын, бауырларымыз, та ныстарымыз, көпшілігі жа стар, өзіміздің балаларымыз.

Сондықтан ауылішілік таксидің жолақы мәселесіне аудандық мәслихат, аудандық ардагерлер кеңесі, «Аmanat» партиясының филиалы, тағы басқалар көңіл бөліп, талқылап, аудан тұрғындарының көпшілігінің мүддесіне сай шешімдер алса, сол шешімдерін халыққа түсіндірудің және олардың орындалуын тұрақты қадағалап отырса деген ұсынысымды білдіремін.

Самиғолла ҒАЛЫМҰЛЫ,

кент тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT