Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы – білім саласында қызмет етіп жүрген әрбір мұғалім үшін маңызды құжат. Жолдауда көтерілген басты бағыттар ел дамуының жаңа кезеңін айқындап қана қоймай, білім беру жүйесіне жүктелер жауапкершілікті де айқын көрсетеді.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім беру – ел болашағының негізгі тірегі. Сол себепті мұғалімдерге қолдау көрсету, олардың кәсіби біліктілігін арттыру және жұмыс жағдайын жақсарту – Жолдауда басым бағыттардың бірі ретінде аталғаны қуантады. Бұл – білім сапасын көтерудің нақты қадамы.
Сонымен қатар цифрландыру, жаңа оқу бағдарламаларын енгізу, мектеп инфрақұрылымын жаңарту мәселелерінің қозғалғаны – қазіргі білім беру жүйесі талаптарына толық сай келеді. Әсіресе ауыл мектептерін қолдау және педагогтардың әлеуметтік жағдайын күшейту бастамалары – ұстаздар қауымына үлкен серпін береді.
Білім — ел ертеңін анықтайтын ең қымбат құндылық. Осы жолда мұғалімдерге артылған сенімді сезіне отырып, біз өзіміздің басты міндетіміз – өскелең ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беруді жалғастыра береміз. Мемлекеттік реформаларды іске асыру жолында әр педагог өз үлесін қосуға дайын.
Аманжолова Маргарита
ұстаз


