МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ «ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОНЫ ТҮБЕГЕЙЛІ ЦИФРЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕР АРҚЫЛЫ ШЕШУ» АТТЫ ЖОЛДАУЫНДА «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» ҚАҒИДАТЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ МЫЗҒЫМАС ТҰҒЫРЫ ЕКЕНДІГІН АТАП ӨТКЕН ЕДІ.
Осы орайда аудан прокуроры Нариман Ешманов пен аудандық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Ғалымжан Жұмағалиев көп бейінді ауылшаруашылық колледжінің студенттерімен кездесті. Алдымен Нариман Олжабайұлы балалар мен жастар арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу және нашақорлықпен күрес бағытында айтып өтті. Әсіресе, жастарға есірткіні сақтау, қолдану және тарату үшін қарастырылған жауапкершіліктің қатал екендігін еске салды.
– Өкінішке қарай қазір нашақорлық қылмысының саны өсіп барады. Одан зардап шеккен тағдырлар қаншама. Мұндай есірткі бизнесінің артында көпшіліктің көзіне түсе бермейтін топтар да кездеседі. Олар бұл іске оң-солын танып үлгермеген жас ұрпақты пайдалануға ұмтылады. Сондықтан да жеңіл ақша табамын деп мұндай кеселге ұрынып қалмаңдар. Қандай қиындық болса да нандарыңды адал еңбекпен табуға үйреніңдер, -деді ол. Аудандық полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы Ғалымжан Жұлдызұлы ауданымызда салынған ойын алаңдары мен саябақ сынды қоғамдық орын дарды күтіп ұстауға шақырды.
– Биыл жылдың аяғына дейін кент көшелеріне бейнебақылауға түсіретін 88 камера орнату жос парланып отыр. Оның 20-сы 360 градусқа айналып, маңайының бәрін түсіретін камера болады. Бұл бейнебақылау көшедегі кез келген құқық бұзушылық анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан да халықтың игілігіне жасалған істі бүлдіріп алып, соңынан өкініп қалмаңдар, – деді ол.
Сонымен қатар аудандық Жастар ресурстық орталығының бас маманы Жазира Оташева ауданда түрлі шаралар ұйымдастыруда колледж студенттерінің жақсы үлес қосып жүргенін, ал аталмыш орталықта жастардың бос уақытын тиімді өткізу үшін жақсы жағдай жасалғанын атап өтті. Жиынды аталмыш ауылшаруашылық колледжінің директоры Гүлфара Әбенова қорытындылап, студенттердің құқықтық сауаттылығын артты руда тәлімді әңгіме өрбіткен шара қонақтарына ризашылығын білдірді.
С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ


