ТҰРҒЫН ҮЙ САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Соңғы жылдары елімізде баспанаға мұқтаж азаматтарды тұрғын үй салу мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Баспана мәселесі Мемлекет басшысының қатынасуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген мәжілісінде Президент тағы бір мәрте тоқталып өтті.

«Біз былтыр тұрғын үй құрылысы бойынша рекордтық көрсеткішке қол жеткіздік (19 млн шаршы метр). Бұл – өте жақсы. Бірақ тұрғын үйдің санына емес, сапасына және оның қолжетімді болуына баса назар аударған жөн", - деді. Өйткені соңғы жылдары құрылыс сапасына байланысты тұрғындар тарапынан көптеген мәселелер көтеріліп келеді. Тұрғындар тарапынан айтылған сын-ескертпелерді шешуді атқарушы билікке тапсырылды.

Соңғы жылдары баспана мәселесі Индер ауданында біртіндеп шешіліп келеді. 2023 жылы 192 отбасы  баспанаға қол жеткізді. Ал былтырғы жылы Жарсуат ауылдық округінде әлеуметтік осал топтарға және тұрғын үй кезегінде тұрған отбасыларға арналып 10 үй пайдалануға берілді.

Қоныс тойын тойлаушылардың қатары биыл да жалғасын таппақшы. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспкециясы бөлімінің басшысы  Шапағат Ғаббасовтың айтуынша үстіміздегі жылы Индербор кентінде 80 пәтерлік жаңа тұрғын үй, Бөдене ауылы бойынша 12 пәтер пайдалануға берілмекші. Әлбетте аталған тұрғын үйлердің сапасына баса мән берілмекші.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT