Тоқсандағы сайлаушы

Индер аудандық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлау ойдағыдай өтіп, тұрғындар өз таңдауларын жасауда.

Соның бірі 90-дағы еңбек ардагері Меңдігерей Мүкиев көршілерімен бірге келіп, дауыс берді.

-Әр адам өзінің мемлекет алдындағы жауапкершілігін терең сезінуі керек. Бізде жасымыз ұлғайғанмен ел жаңалықтарын қалт жібермей тыңдап отырамыз. Бүгінде мәслихат депутатын сайлауға келіп, қалаған үміткеріме дауыс бердім,- дейді.

Сайлау комиссиясының төрағасы Гүлайым Жаңбырбаеваның айтуынша халықтың белсенділігі жоғары.

Сайлау барысын "Жолбарыс" қоғамдық бірлестігі мен "Jas niet" қоғамдық қор атынан байқаушылар қатысып қадағалауда.

Ж.Ісім

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT