Қазіргі уақытта құмар ойынға тәуелділік – жасөспірімдердің де, ересектердің де өміріне қауіпті ықпал ететін әлеуметтік мәселе болып отыр.
Онлайн ойындардың қолжетімділігі балаларды тез қызықтырып, олардың білімге, уақытқа және психологиялық саулығына кері әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан балалардың бос уақытын қадағалап, интернет кеңістігінде өткізетін уақытына назар аударуға, құмар ойын элементтері бар қосымшаларға жол бермеуге шақырады. Әрбір ата-ананың бақылауы – баланың қауіпсіздігі мен тәрбиесінің маңызды кепілі. Өз болашағыңызды құмар ойынға тәуелді етпеңіз. Білімге, спортқа, шығармашылыққа ұмтылыңыз. Саналы таңдау жасап, уақытты пайдалы іске жұмсау – сіздің өмірлік бағыт-бағдарыңызды айқындайды.
Лудоманияның алдын алу – бәріміз үшін ортақ міндет.
Бала қауіпсіздігіне бірге жауапты болайық!
Беккалиева Н
Психолог


