Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 8 желтоқсанда «2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды.
Құжатқа сәйкес, 2026 жылға арналған негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің мөлшері бекітілді, — деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
ең төменгі жалақы – 85 000 теңге (өзгеріссіз);
айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге (2025 жылы – 3 932 теңге);
мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге (2025 жылы – 32 360 теңге);
ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге (2025 жылы – 62 771 теңге); ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге (2025 жылы – 46 228 теңге).
Заңда жасына байланысты және еңбек өтілі үшін төленетін зейнетақы мөлшерлері 10% көбейетіні көрсетілген. Сондай-ақ, мемлекет төлейтін МӘМС жарнасы — есептеу базасының 2% мөлшерінде белгіленді. Заң 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.


