Атырау облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының қолдауымен, облыстық тарихи-мәдени мұраны зерттеу орталығы «Атырау қазақтарының наным-сеніміндегі киелі жерлер» атты кітап-альбомды көпшілікке таныстырды.
Іс-шара барысында Атырау өңіріндегі әулие-әнбиелердің кесенелері мен қасиетті орындары, халық арасындағы таным-түсінік пен тарихи деректерге сүйене отырып жүйеленген мәліметтер көпшілікке ұсынылды. Бұл басылым – ұрпақтың туған жеріне деген құрметін арттыруға және өлке тарихына қызығушылықты оятуға бағытталған маңызды еңбек.
Кітап-альбомда аймаққа танымал тұлғалар, аңызға айналған оқиғалар мен киелі мекендер жайлы мол мәліметтер қамтылған. Сондай-ақ, белгілі ақындар мен тұлғалардың өмір сүрген орындары да ерекше атап көрсетілген.
Ақтілек Базарбаева


