9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай ұйымдастырылған байқау бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жарияланған үздік материалдарды анықтауға бағытталды.
Байқауға Атырау облысында тіркелген БАҚ және олардың тілшілері, облыста жұмыс істейтін штаттан тыс журналистер қатыса алады.
Номинациялар:
🔹«Үздік журналист-сарапшы» – тақырып бойынша баспа басылымдарында жарық көрген сараптамалық материалдар;
🔹«Үздік шолушы» – тақырып бойынша интернет-басылымдардағы материалдар;
🔹«Үздік радиорепортаж» – тақырып бойынша радиоэфирде жарияланатын материалдар;
🔹«Үздік телесюжет» – тақырып бойынша телесюжеттер;
🔹«Үздік жарияланым» – тақырып бойынша әлеуметтік желідегі жарияланымдар.
Әр номинацияның жеңімпазына арнайы диплом мен 300 000 теңге көлемінде қаржылай сыйақы табысталады.
Байқауға 2025 жылдың 1 қаңтары мен 16 желтоқсаны аралығында жарық көрген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы қазақ және орыс тіліндегі материалдар қабылданады.
Қатысу үшін құжаттар мен материалдарды 16 желтоқсанға дейін
Байланыс телефондары: 8 (7122) 35-42-08, 35-40-88


