Атырау облысы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №31 мектеп-гимназиясында «Цифрлық дәуірдегі құқық: қауіпсіздік және психологиялық әл-ауқат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар қатысты.
Іс-шараның мақсаты – цифрлық кеңістікте құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу және жеке деректерді қорғау дағдыларын жетілдіру болып табылады.
Дөңгелек үстел барысында қатысушыларға нақты жағдайларға негізделген мысалдар ұсынылып, арнайы материалдар таратылды. Сонымен қатар мамандар тарапынан цифрлық сауаттылық, желідегі этика, кибербуллингтің алдын алу және онлайн кеңістікте өзін қауіпсіз ұстау жөнінде ақпарат берілді.
Іс-шара жасөспірімдердің цифрлық қауіпсіздік мәдениетін дамытуға және ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.


