Силлено компаниясы Атырауда БАҚ өкілдеріне арналған «Мұнай-газ химиясы қарапайым тілде: шикізаттан полиэтиленге дейін» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан өнеркәсібінің жаңа стратегиялық бағыты ретінде қалыптасып келе жатқан мұнай-газ химиясы саласындағы негізгі үдерістерді журналистерге түсіндіру және медиа кеңістікте аталған тақырыптың сапалы көтерілуіне ықпал ету.
Білім беру бағдарламасы теориялық бөлім мен интерактивті куизден тұрды. Спикер ретінде Силлено компаниясының өкілдері – шикізатпен қамтамасыз ету және маркетинг департаментінің директоры Хабибулла Каримов және операциялық блок департаментінің директоры Денис Козырев сөз сөйледі.
Сарапшылар мұнай-газ химиясы саласының қазіргі заманғы өнеркәсіп, медицина және күнделікті өмірдегі маңызы туралы кеңінен баяндады. Сондай-ақ «Полиэтилен» секілді ірі жобалардың іске қосылуы ел үшін экспорттық әлеуеті жоғары жаңа саланың қалыптасуына және заманауи жұмыс орындарының ашылуына жол ашатынына ерекше назар аударылды.
Семинар кезінде айтылған ақпаратты бекіту мақсатында қатысушылар арасында интерактивті куиз ұйымдастырылды. Журналистер ойын форматында негізгі ұғымдарды қайталап, білімін тексеріп, командалық жұмыс көрсетті.


