Әскерге шақыру қалай жүруде?

«АMANAT» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында «Qaisar» партиялық жобасы аясында «Отан қорғау – парыз» тақырыбында әскерге шақырылушы студенттермен кездесу өтті.

Кездесуге аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін атқарушы Нысаналы Нәсіпқалиев, «АMANAT» партиясы аудандық филиалының консультанты Нұрбол Ерғалиев, жастар ресурстық орталығының директоры Темірлан Бертлеуов, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гаухар Бопасова, 3 курс студенттері мен жастар қатысты.

Алдымен «АMANAT» партиясы аудандық филиалының консультанты Нұрбол Ерғалиев аталған шараның маңыздылығын атап өтті. Шарада Нысаналы Нәсіпқалиев Отан алдындағы парызын өтеу әрбір ер жігіттің азаматтық борышы екендігін айтып, тәуелсіз еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көк туымызды биікке патриоттық сезімі бар жастардың қолында екенін жеткізді.

– 2023 жылдың наурыз-маусым, қыркүйек-желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және қамтамасыз ету бойынша шақыру комиссиясы өткізілді. атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 100 азамат әскерге аттанды. Жекелей тоқталсам, Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің шекара қызметіне – 15, ҚР Қарулы Күштеріне – 35, ҚР ТЖМ-ге – 4, ҚР Ішкі істер министрлігі Ұлттық Ұланға – 46 жас аттанып, жоспар орындалды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады, - деді ол.

Сонымен қатар, колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гаухар Бопасова студенттердің патриоттық сезімін арттыру мақсатында өткізілетін шараларды айта келе, студент[1]тер жыл сайын әскерге аттанып жүргендігін айтты.

Кездесу аясында әскер өмірі туралы арнайы дайындалған слайд көрсетіліп, әскерге шақыру тәртібі түсіндірілді. Болашақ сарбаздар сұрақтарын қойып, сала маманынан жауаптарын алды.

Айта кетейік, «Qaisar» партиялық жобасының басты мақсаты – жастардың бойында патриоттық сананы және әскери қызметке де[1]ген қызығушылықты қалыптастыру, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық рух қалыптастыру.

Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521