Сиырға соқтығысып, шығынға батқан...

Аудандық сотқа қараңғы уақытта тас жол бойына шығып, көлік құралымен соқтығыс жасаған сиыр үшін көліктің иесі келтірілген мүліктік залалды өндіру туралы талап арызбен жүгінген. Атырау-Индер тас жолы бойында орын алған оқиға салдарынан талапкердің көлігіне материалдық шығын келген.

Сондықтан көлік құралына келтірілген 5 млн. теңгені құрайтын мүліктік шығынды талап қоюшы жауапкерден өндіріп беруді сұрады. Аталған істі қарау барысында тараптар бір-біріне адамгершілік тұрғысынан түсіністікпен қарап, татуласып, өзара келісімге келіп, талаптың мөлшерін азайту арқылы сотпен медиациялық келісім жасалды. Қандай санаттағы іс болмасын, соттың міндеті – таразыны тең ұстап, тараптарды татуластырып, бір мәмілеге келтіру. Ал, ол – сот жұмысының жемісі болып табылады.

А.ҚҰРМАНБАЕВА,

аудандық соттың бас маманы -

сот отырысының хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз