Павлодар қаласында Қазақстан оқушыларының ХII республикалық жазғы Гимназиада Атырау облысының намысын индерлік Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің қыздары қорғап, қола жүлдені жеңіп алды.
Гимназиаданың мақсаты – дене шынықтыру мен спортты одан әрі жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және халықаралық жарыстарға қатысу үшін оқушылар құрама командаларының құрамына дарынды жас спортшыларды іріктеу. Жарысқа гандболдан 12 ко манда қатысқан.
Ал, Атырау облысының намысын қорғаған команда құрамында Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінен 8 қыз, М.Әуезов атындағы орта мектептен 3 қыз және Д.Қонаев атындағы Binom лицейінен 1 қыз тартысты ойын өрнегін көрсете біліпті.– Жалпы мектептің гандбол ко мандасы бұған дейін де түрлі жа рыстардан жеңіспен оралғанбыз. Әр жыл сайын оқушыларымның біліктілігін арттырып отырып отырамын. Бұл жолы Павлодар қаласында еліміздің мықты коман далары бас қосты.
Көптің ішінен орын алу – біз үшін үлкен жетістік. Команда құрамындағы оқушыларым да, оларды қолдап отырған үйдегі ата-аналары да мектеп ұжымының қошеметпен күтіп алғанын қалайтыны рас. Сол үшін жас спортшыларға рух беріп, қолдау көрсетуді ұмытпауымыз керек, - дейді гандбол құрама командасының жетекшісі Жандос Әбілхалықов.
Ж.НАРИМАНОВА