Бұл үшемдер әке-аналары Бексұлтан Табылдиев пен Бекзада Қадырбаеваның тұла бойы тұңғыштары. Олар 28 ақпан күні өмірге келіп, күні бүгінге дейін Атырау облыстық перинаталдық орталығында дәрігерлердің бақылауында болған.
Бүгін перзентханадан шығару рәсіміне орай «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Атырау облыстық филиалыдиеректорының орынбасары Нұрлан Дюсембаев үшемдерге салтанатты түрде туу туралы куәліктерін табыстап, арнайы құттықтады.
Кішкентай балапандарға Хабиба, Хафиза, Абдул-Хаким есімдері берілген. Қазір үшемдердің де, анасының да жағдайы бірқалыпты.
Айта кетейік, бұл перзентханада соңғы рет үшемдер 2022 жылы өмірге келген екен. Бүгін араға 2 жыл уақыт салып, қуанышты сәт қайта көрініс тапты.