ПАРТИЯНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС СЪЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ МӘСЛИХАТТАРДАҒЫ ФРАКЦИЯ ЖҰМЫСЫН ЖАНДАНДЫРЫП, ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ АРТТЫРУДЫ ТАПСЫРҒАНЫ БЕЛГІЛІ. ОСЫҒАН ОРАЙ, ЖАҚЫНДА ФРАКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТІП, АУДАН ӘКІМІ САЛАУАТ ӨТЕҒҰЛОВ "ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫ: ӘР АЗАМАТҚА ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР!" АТТЫ «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ОРЫНДАЛЫСЫ ЖӨНІНДЕ БАЯНДАМА ЖАСАДЫ.
Өткен 2021 жылы с а й л а у а л д ы бағдарламаның 7 бағыты бойынша барлығы 95 ісшара қарастырылып, оның 84-і (88,5 %) орындалса, 2-і (2,1 %) орындалу үстінде, ал 9-ы (9,4 %) орындалмаған. Атап айтсақ, Есбол ауылында 320 орындық мектеп құрылысын аяқтау, Көктоғай ауылында 90 орындық балабақша салу, орталық аурухананың инфекциялық бөлімшесінің ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу, Көктоғай ауылы Б.Нысанбаев орта мектебінде 120 орындық жапсаржай құрылысын салу, Индербор кенті, Нұрманов көшесі, Болашақ шағын ауданына жол салу, Көктоғай ауылынан агроаймақ құру, Индербор кентіне қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау кешенін орнату, Индер ауданы бойынша кезектегі 160 отбасы, оның ішінде жастар мен әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету және «Іскер ана» жобасы арқылы аналарды оқу курстарынан өткізіп, мамандықтар алу секілді тармақтар орындалмаған.
Орындалмау себептеріне жекелей тоқталар болсақ, Есбол ауылында 320 орындық мектеп құрылысын аяқтау бойынша күні бүгінге дейін бетон қоспаларын құю жұмыстары жүргізіліп, жұмыстың 20 пайызы ғана аяқталған. Қазіргі күні жертөленің қабырғаларына және қабатаралық колонналардың бетоны құйылып, жабыны жабылып тұр.
Ал, Көктоғай ауылында 90 орындық балабақша салу бойынша күні бүгінде жер телімін қарастыру үшін құжаттары рәсімделіп, жобалау-сметалық құжаттамасы сараптамаға енгізіліп, жинақтаудан (комплектация) өтті. Атырау облысы құрылыс басқармасы мен сараптамалық мекеме арасында келісім-шарт жасақталуда. Келесі іс-шара – орталық ауруханасының инфекциялық бөлімшесінің ғимаратына жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша күні бүгінде инфекциялық бөлімшесінің ғимаратына жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айының 4-і күні басталған. Жөндеу жұмыстары 2022 жылдың шілде айында аяқталады деп күтілуде.
– Көктоғай ауылынан агроаймақ құру бойынша күні бүгінде Көктоғай ауылы маңынан 20 га құрайтын агроаймақтың жер актісі алынып, басқарушы компания анықталуда. Аталған жер теліміне инфрақұрылым жүйелерін жүргізу мақсатында конкурсқа берілді. Конкурстың жеңімпазы сәуір айының аяғында анықталады. Ал, Б.Нысанбаев атындағы орта мектебінде 120 орындық жапсаржай құрылысын салу бойынша күні бүгінде жоба қайта түзетіліп, ағымдағы жылдың 7 сәуірінде қорытындысы алынды. Ендігі кезекте облыстық Құрылыс басқармасы тарапынан қаржыға сұранысы берілді. Индербор кенті Нұрманов көшесі, Болашақ шағын ауданына жол салу бойынша демеушілік арқылы жасақталып жатырған Индербор кенті Нұрманов көшесіндегі жол құрылысының жобалау сметалық құжаттарын жасақтау жұмыстары аяқталмауына байланысты ағымдағы жылы жұмыстары басталмайды. Ал, Болашақ мөлтек ауданына ұзындығы 14,7 шақырым болатын 14 көшесінің 3,3 шақырым болатын 3 көшесіне автокөлік және жаяу жүргіншілер жолын салу үшін демеушілік арқылы «Тау сәулет» ЖШС-мен жобалау-сметалық құжаттары жасақталуда. Сондай-ақ, Индербор кентіне қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау кешенін орнату бойынша күні бүгінде сұрыптау кешенін сатып алуға облыстық бюджеттен 60 млн. теңге қаржы бөлінді. Индербор кентіне және Есбол ауылына полигон құрылысын жүргізу үшін ТЭН (техника экономикалық негіздеме) жасақтауға конкурс берілді. Конкурс жеңімпазы мамыр айының аяғында анықталатын болады. Сұрыптау кешенін орнату жұмыстарын аяқтау ағымдағы жылдың қыркүйек айына жоспарланған, - деді аудан әкімі Салауат Өтеғұлов өз баяндамасында.
Ал, «Іскер ана» жобасы арқылы аналарды оқу курстарынан өткізіп, мамандықтар беру бойынша ауданға 50 адамды оқытуға жоспар беріліп, оқуға ниет білдірген 53 адамды бес мамандық бойынша оқыту жоспарланған болатын. Дегенмен, 2021 жылға «Іскер ана» жобасын жүзеге асыру мақсатында облыстық ішкі саясат басқармасы арқылы облыстық бюджеттен 2 млн. 500 мың теңге қаржы бөлінгенімен, конкурсқа қатысуға өтінімдер болмауы себепті жүзеге асырылмағандығы айтылды. 2020 жылы «Іскер ана» жобасы аясында ауданда 40 ана оқытылғанымен, қазіргі таңда оқыған аналардың ешқайсысы өз істерін ашпаған немесе өз мамандықтары бойынша жұмыс жасамайды екен. Сондай-ақ, аудан әкімі Салауат Өтеғұлов 2022 жылға арналған жоспар бойынша ақпарат берді.
– «AMANAT» партиясының 2022 жылғы сайлауалды бағдарламасының 7 бағыты бойынша Индер ауданында барлығы 89 іс-шара қарастырылған. Оның ағымдағы жылдың І тоқсанында орындалғаны – 7 (7,8 %), орындалу сатысында – 67 (75,2 %), ал 15-інің (16,8) орындалмау қаупі бар, - дей келе, аталған шараларға жеке-жеке тоқталды.
Жиынға қатысқан облыстық мәслихаттың фракция жетекшісі Амангелді Абдолов, фракция жетекшісінің орынбасары Ізтұрған Баймұханов, облыстық мәслихат депутаттары Саламат Идрисов «Жол картасы» аясындағы іс-шаралардың жүзеге асырылуы туралы сұрақтары мен ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, билік пен бұқара арасындағы байланысты арттырып, ең алдымен жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі мен әл-ауқатын арттыру, ауданның әлеуметтікэкономикалық дамуына бірлесе жұмыс атқарып, оң нәтиже көрсетуге шақырды.
Және «Депутаттар рейтингісі интернет платформасы» аясында депутаттар қоғамда белсенділіктерімен танылып, әлеуметтік желіге материалдарды жүйелі түрде жүктеу қажет екендігі де сөз болды. Сонымен қатар, аудандық фракция мүшелері Анаргүл Доспаева мен Мәлік Биғамбаев өз пікірлерін ортаға салды. Олардың айтуынша, атқарылған жұмыстар аз емес. Алайда, депутаттар құрылыс нысандарын аралап, көргеннен нәтиже шамалы көрінеді. Жиын соңында фракция жетекшісі Жанай Амантурлин фракция бағдарламасының орындалу барысын бақылауға жауапты екенін, сондықтан атқару жұмыстарында осалдыққа жол бермеуді, жағдайға байланысты бағдарламаны түзету бойынша ұсыныстарды біріге талқылау керек дей келе жиынды қорытты. Аудан әкімінің есебі мақұлданып, алдағы міндеттер нақтыланды және мәслихаттағы партия фракцияларының азаматтармен ашық болуы туралы тиісті шешім қабылданды.
Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ