Индер ауданы әкімінің өкімімен Габдуллин Алтынбек Маратович аудандық құрылыс бөлімінің басшысы болып тағайындалды.
Алтынбек Маратович - 1981 жылы 07 тамызда Атырау облысы, Денгиз ауданы, Ганюшкино селосында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.
Білімі – жоғары,
2001 жылы Атырау қаласындағы агротехникалық колледжін «Кеден ісі»,
2006 жылы Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы мемлекеттік университетінің «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын
2007 жылы Жылыой ауданында «ТенгизГлобалСервис» ЖШС-де сылақшы болып бастаған.
2009-2020 жылдары Индербор кенті әкімі аппаратының бас маман-заңгері,
2020 жылдың 01 қазанынан бастап күні бүгінге дейін Индербор кенті әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді. Отбасылы.
Жаңа басшыны ұжымға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Иманғазиев таныстырып, тәжірбиесі мол білікті маманның өзіне жүктелген жұмыстарды жоғары деңгейде ұйымдастыратынына сенім білдірді. Жауапты қызметке тағайындалған Алтынбек Маратұлы сенімді ақтауға уәде берді.