Құрылыс бөлімінде жаңа басшы

Индер ауданы әкімінің өкімімен Жұмашев Дулат Қуанғалиұлы аудандық құрылыс бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

Жұмашев Дулат Қуанғалиұлы - 1987 жылы 07 ақпанда Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылында дүниеге келген. Ұлты - қазақ. Білімі - жоғары. 2008 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік университетін «Маркетинг», 2013 жылы Батыс-Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін «Кәсіптік білім» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2010 жылы облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының сауданы дамыту бөлімінің бас маманы болып бастаған.

2010-2011 ж.ж. облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының мұрағатшысы, бас маманы,

2012 – 2016 ж.ж. Атырау қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің маманы,

2016 – 2020 ж.ж. қалалық құрылыс бөлімінің өндірістік-техникалық секторының меңгерушісі, бөлім басшысының орынбасары,

2020 жылдың 19 маусымынан бастап қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің мемлекеттік сатып алу және жоспарлау секторының бас маманы қызметтерін атқарды.

Отбасылы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521