ӘРКІМ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

Міне, бүгін ертемен өз елінің жарқын болашағына сеніп, осы бір тарихи кезеңде Президент сайлауы науқанына қолдау білдірушілер саны артып, әркім өздеріне белгiленген орынға қарай ағыла бастады.

Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп базасында орналасқан №110 учаскеде де басталуы сағат 7:00-ге белгіленгенімен, он шақты тұрғын ертемен келіп, күтуші бұрышына жайғасты. Еліміздің Әнұраны шырқалған соң, алғаш боп өз таңдауын жасаған кент тұрғыны Айдарбек Нығметовке комиссия төрағасы естелік сыйлық табыс етті.

Комиссия төрағасы Айман Қалымқызы бір сағат өтпей жатып 30 шақты тұрғын өз таңдауын жасағанын, жалпы белсенділіктің жоғары екендігін айтты. Сайлауға қатысушылардың бірі украин ұлтының өкілі, кент тұрғыны Юрий Лазурко: - Мен 81 жастағы анам Валентина Лазуркомен келіп дауыс беріп отырмын. Біз де өзіміз өмір сүріп жатқан қазақ елінің болашағы үшін алаңдаймыз. Оның келешегі жарқын болуы үшін қолдау білдіріп, өз кандидатурамызға дауыс беруді борышымыз санаймыз,- дейді.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT