ҚОНАҒЫМЕН КИІК АТЫП ҰСТАЛДЫ

Бұл оқиға Индер ауданына қарасты Елтай ауылының аймағына кіретін «Сазды» учаскесінде орын алған.

Қоян аулай шығып "құланның қасуына, мылтықтың басуын" жасаған Б.Н.Б. есімді азамат Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігі 2) тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын арқалады. Сот барысында белгілі болғанындай, аңнан қайтар жолда айыпталушы қасындағы қонағымен Астана қаласының «РГКП Охотазоопром» шұғыл тобының инспекторлары мен Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылық бөлімінің қызметкерлеріне ұсталған.

Басты сот талқылауында сотталушы Б.Н.Б. жасаған қылмыстық құқық бұзушылық әрекетін толық мойындса, қасында болған Б.К.К.есімді азамат қонаққа келгенін, өзімен бірге аңшы мылтығы мен оқ-дәрілерін әкелгенін, екеуі бірге келісіп аң аулауға шыққанын көрсетіпті. Даланың киесі саналатын киіктің көзін құртқан азамат аң аулау құқығынан екі жылға айырылды, бұған қоса 1 202 500 теңге мемлекетке келтірілген залалды өтеуге тиіс.

"Қылмыстық құқық бұзушылықтың құралдары ретінде танылған «ВАЗ-21214» маркалы көлік құралы (кілті және ЕА№00235915 тіркеу құжатымен бірге), 12 калибрлі «МР-153» модельді, тегіс ұңғылы аңшы мылтығы, 23 дана оқ-дәрілері мен жарықтандыру құрылғысы мемлекет пайдасына тәркіленеді"-делінген аудандық сот ұсынған мәліметте.

"Дендер" - Ақпарат

Сурет: ашық дереккөзден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521