Қазақстанда 2020 жылғы демалыс күндері ауысты

Қазақстан Үкіметі 2020 жылдың қаңтар мен мамыр айындағы мереке күндерін ауыстырды.

Демалыс күні жексенбі, 5 қаңтардан жұма, 3 қаңтарға ауыстырылды. Қазақстандықтар Жаңа жылда 1, 2, 3, 4 қаңтар қатарынан төрт күн демалады. Ал 5 қаңтар, жексенбі жұмыс істейді. Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін сенбі, 4 қаңтар да – жұмыс күні.

Сондай-ақ, мамыр мен желтоқсан айындағы демалыс күндері де өзгертілді. Демалыс күндері: •дүйсенбі, 11 мамырдан жұма, 8 мамырға; •2020 жылы жексенбі, 20 желтоқсаннан жұма, 18 желтоқсанға ауыстырылды.

Яғни:

1, 2, 3, 4 қаңтар - Жаңа жылдық мереке

7 қаңтар - православиелік Рождество

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

21, 22, 23, 24, 25 наурыз - Наурыз мейрамы

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесі

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

9 мамыр - Жеңіс күні

7 шілде - Астана күні

30 тамыз - Конституция күні

1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні

16, 17, 18, 19 желтоқсан - Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған демалыс

Жалпы 2020 жылы қазақстандықтар демалыс пен мереке күндерін қоса есептегенде 120 күн демалады екен.

Мәлімет дереккөзден алынды

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT