Қалаға автобус қатынайды

Индер ауданынан облыс орталығына қатынайтын қос жаңа автобус шығады.

23 желтоқсаннан бастап 49 орындық қос маршрут «Индер-Атырау», «Атырау-Индер» бағытына жүретін болады. Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасының бас маманы Жанболат Акимовтың айтуынша, «Лаватранс» ЖШС мекемесінің тасымалдауымен жүзеге асатын жаңа автобустар әр күні Индер бағытынан таңғы 7:00-де Қонаев көшесінен (әкімшілік қасы), ал Атырау қаласынан 17:00-де автовокзал тұрағынан қозғалады. Сондай-ақ, алғашқы күні маршруттың ашылуына орай жолаушылар тегін тасымалданады.

Жалпы жолақы құны 700 теңге.

Тоқталып өтсек, екі ай ішінде маршурттардың қаржылық шығыны толықтай өтелген жағдайда бұл бағыт алға қарай атқарылатын болады. Ал өз кезегінде жұмыстар іске аспаса тоқтатылады екен.

«Дендер»-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT