МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫЛАР МАРАПАТТАЛДЫ

Аудан әкімі Салауат Өтеғұлов аудандық мәдениет үйінде халықаралық отбасы күніне орай «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қатысушыларымен кездесіп, салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.

Шаңырақ шаттығы мен ұлттық тәрбиені ұлықтауда Елбасының бастамасымен қолға алынған «Мерейлі отбасы» конкурсының маңызы ерекше. Айталық, жыл сайын өнегелі, үлгілі отбасыларды ұрпаққа таныту, үлгі ету мақсатында жалғасын тауып дәстүрге айналған ұлттық конкурстың аудан бойынша қатынасушылар саны артып келеді. Соңғы үш жылда мерейлі отбасына ауданымыздан қатынасқан отбасылар республикалық деңгейдегі шараға қатынасып жеңімпаз болып келгені ортақ мерей.

Алдымен мерекелік шара аудан басшысының құттықтау сөзімен басталды. –Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен бастау алған “Мерейлі отбасы” ұлттық конкурсына белсене қатынасып, қоғамдағы отбасылық тәрбиені қалыптастыруға қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға алғыс білдіремін! Осыған дейін, республикалық кезеңде 2018 жылы жарсуаттық Таскариндер отбасы лауреат атанса, 2019 жылы есболдық Тлекқабыловтар отбасы республикалық байқаудан бас жүлде иеленіп, облыс абыройын асқақтатып, мерейін үстем етіп қайтты. Бұл конкурс жылдан – жылға жалғасын тауып, Сіздер сияқты мерейлі отбасыларымыз көбейе бергей! Ел тәуелсіздігі қарсаңында өткізілген шараға қатынасқан барша отбасыға амандық, зор денсаулық, бейбіт өмір тілеймін! Шаңырақтарыңызда шаттық, жайлылық пен молшылық салтанат құрсын, - деп ерекше лебізін жеткізді.

Айта кетейік, ағымдағы жылы аталған байқауға бес отбасы қатынасып, облысқа екі отбасы ұсынылды. Нәтижесінде, Есбол ауылдық округінен қатынасқан Мұхтаровтар отбасы және Жарсуат ауылдық округінен Есмагамбетовтар отбасы лауреат атанды. Бұдан бөлек мереке шара аясында конкурсқа құжаттарын тапсырған бөденелік Дәуітбаевтар, өрліктік Есовтер, елтайлық Бисеновтар отбасыларына құрмет көрсетілді. Шара соңында қонақтар естелік суретке түсіп, көңілді тарасты. Іс-шара санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізілді.

 

Дендер-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521