«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының ережесі жарияланды

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы жария хабарландыру Атырау облысы әкімдігі «Мерейлі отбасы-2022» Ұлттық конкурсының бірінші кезеңі қалалық, аудандық турға құжаттар қабылдайтыны туралы хабарлайды.

 Қазақстан Президентінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы №250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» Ұлттық конкурсы өткізіледі. Конкурстың мақсаты - өнегелі құндылықтарды жаңғырту, балаларды тәрбиелеуде ата-ананың жауапкершілігін арттыру, отбасы құндылықтарын кеңінен насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін үгіттеу болып табылады. 

Конкурс ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы №181 қаулысымен бекітілген «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсын өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысуға өтінім төмендегі құжаттармен бірге беріледі:

1) ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;

2) асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін — жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;

3) неке қию туралы куәліктің көшірмесі;

4) ата-аналарының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);

5) балаларды тәрбиелегені үшін мадақтаулардың, белгілі бір жетістіктері үшін алған мадақтаулардың бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

6) заңды және (немесе) жеке тұлғалардың ұсыным хаттары (кемінде екеу);

7) отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

8) қоғамдық пайдалы қызметке (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) қатысуды растайтын құжаттардың көшірмелері;

9) дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім. Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін құжаттар түпнұсқамен тапсырылуы қажет. Конкурсқа қызметі Қазақстан Республикасының аумағында тыйым салынған ұйымдардың құрамына кіретін (кірген) мүшелері бар және бұрын сотталған мүшелері бар отбасылар конкурсқа қатыса алмайды. Конкурсқа қатысу үшін өтінім мен құжаттар Атырау қаласы және аудандар әкімдіктерінің Ішкі саясат бөлімдерінде қабылданады. Конкурсқа қатысуға өтінімдер тиісті құжаттар қоса тіркелген арнайы нысан бойынша Атырау қалалық және аудандық комиссияларға 2022 жылғы маусымның 15-не дейін беріледі. 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521