Мейірім Қалауи: "Жағдай жақсармаса карантин шараларын күшейте береміз"

Индер ауданында қатері дерттің бірі короновирус індетіне шалдыққандардың саны күн санап артуда. Оған сенімсіздік танытып, тәртіпке немқұрайлы қарап жүргендер де аз емес. Соған орай аудан әкімі Мейірім Қалауи теллеграмм чатында бүгіннен бастап карантин шаралары күшейтілетіндігін, егер жағдай жақсармаса күшейтіле беретіндігін жеткізген болатын.

"Құрметті аудан тұрғындары! Осыған дейін бірнеше рет жазылғандай, ауданда эпидемиологиялық жағдай тұрақты емес. Осыдан бірнеше күн 2-3 адамнан басталған көрсеткішіміз ондаған адамға артып отыр. Ақпарат құралдарынан біліп отырғандарыңыздай вирус екі түрге бөлінеді. Біреуі ешқандай сипмтомсыз немесе аз ғана белгілері болса, екіншісі вирустың барлық белгілері білінеді.

Алғашқыда барлық анықталған азаматтар Атырау қаласына жіберіліп, оқшаулау жұмысы жүргізілген болатын. Енді симптомы жоқ адамдар үй жағдайында бақылауда болады. Вирустың қаншалықты қауіпті екенін айтудың қажеттілігі жоқ деп ойлаймын. Көздеріңіз ашық! Бүкіл дүние жүзі күресіп жатыр. Әзірге вирусты жеңудегі ең табысты жол- жеке тазалықты сақтап, адамдардың көп жиналатын орырдарынан бас тарту.

Бүгіннен бастап ауданда карантин шаралары күшейтіледі. Жағдай жақсармайтын болса карантин шараларын күшейте береміз! Әр адам өзгеге де жауапты екенін түсінейікші!

Ең болмағанда қасыңыздағы қымбат адамдар үшін! Бірігіп, бұл қиындықтан да шығатынымызға сенімдімін!" дейді аудан әкімі.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT