Мал құрттап, құлындар өліп жатыр

«Жау жағадан алғанда бөрі етектен» деген, онсыз да соңғы жылдары жаңбырсыз жаз қуаңшылыққа ұрындырып тұрса, енді міне, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа қаптап, малшының мазасы кетуде.

Жайықтың жағасындағы қаптаған кене қырға да жетіп, төрт түлік тегіс құрттап жатқан көрінеді. Оны шаруа қожалық иелері де айтып дабыл қағуда.

Аудандық «Ветеринариялық станса» КМК бөлімінің басшысы Е.Бөкеев: - Бұл бір індет болып тұр. Кене далаға дейін жайылып кеткен. Малға қонған соң оның тістеген жері қанап, шыбын қонған соң құрттап жатыр. Жарсуат ауылының тұрғындары 120 түйені қырдағы қыстақтарға қамап, қарағанда оның 70-і құрттаған болып шықты. Ал құлындар көтере алмай өліп жатыр,-деп дабыл қағады сала басшысы.

Бұған қарсы мал иелері қимай, ядапорм сынды дәрілерді қолданып жатқан көрінеді. Қалай дегенде де қазіргі жағдай халықты алаңдатып, тұрғындар мал қамайтын қораның кезегіне тұратын жағдайға дейін жеткен. Мұндай індет бұрын-соңды болмаған деп топшылайды мамандар. Ал кеселдің алды қайтсе қайтпақ?

Ж.ІСІМ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521