Мал ұрлығы - ауыр қылмыс

 Бүгінгі қоғамда ‑ мал ұрлығы шаруаның мазасын алған мәселеге айналып отырғаны бәрімізге белгілі. Сондықтан, бұл қылмыстық құқық бұзушылықтың әлеуметтік зияны зор.

         Себебі, қазіргі уақытта ауыл тұрғындардың көбісі өзін-өзі жұмыспен қамтып, жеке меншік үй шаруашылығы мен мал ұстап бағудан күн көрісін тауып, жан бағуда.

         Дегенмен, біреудің адал еңбегімен жинаған малына көз тігіп, оңай олжаға кенелгісі келетіндер де жоқ емес.

 Мал ұрлығының күннен күнге өршіп, тиылмай тұрғаны бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі десек қателеспейміз.

 

         Осыған байланысты, қарапайым мал бағумен күн көоіп отырған халықтың құқықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау маңызды мәселелердің бірі екенін ұмытпауымыз керек.

 

         2019 жылғы 27 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды.

         Аталған Заңға сәйкес, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне «Мал ұрлау» туралы арнайы жеке бап енгізілді, ол осы Кодекстің 188-1 бабы.

         Бұл норма 2020 жылдан бастап қолданысқа енді.

 

         Мал ұрлауды басқа қылмыстық құқық бұзушылықтармен салыстыруға болмайды.

 

         Мал ұрлау - яғни бөтеннің малын жасырын жымқыру болып табылады.

 

         Заңға осы жаңа норманың енгізілуі, мал ұрлығының санын азайту болып табылады, өз кезегінде ол халықтың мал асырауға деген ынтасын күшейтуге, халықтың берекесін сақтауға әсерін тигізеді.

 

         Сонымен қатар, мал ұрлығының алдын алу бағытында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігімен «2021-2023 жылдардағы ұрлыққа қарсы іс-қимыл» арнайы бағдарлама бекітілген.

         Осы бағдарламаны орындау мақсатында бірқатар іс-шаралар жоспарланып, қолға алынған.

         Оның ішінде, мал ұрлығының алдын алу және ашылуын жандандыру үшін учаскелік полиция инспекторларының жұмысы қайта қаралап, бұрын мал ұрлығы қылмысын жасаған тұлғалар қатаң бақылауға алынды. 

         Себебі, жаңа норма бойынша, ауыл тұрғындарын алаңдатып отырған барымташылардың жазасы күшейтілді.

 

         Яғни, мал ұрлығы қылмыс санаты бойынша дәрежесіне қарай қылмыстық ауыр санатына ауыстырылды.

         Бұл дегеніміз, осы мал ұрлығына арналған баптың бірінші бөлігінде мал ұрлығының жазасы қылмыс жасаған тұлғаның мүлкі тәркілене отырып, үш мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

         Ал, егер мар ұрлығы топпен және ірі көлемде жасалса, жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін барады.

         Ал, мал ұрлығын бірнеше рет жасаса немесе қоражайға кіру арқылы жасаса, он жылғы дейін бас бостандығынан айырылады.

         Егер, мал ұрлығы қылмыстық топ арқылы немес аса iрi мөлшерде жасалса,  мүлкi тәркiленіп, он екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

         Демек, бұл баптың санкциясындағы жаза өте қатал.

        

         Бұдан бөлек, енді осы санаттағы қылмысты жасағандар, яғни мал ұрлағандар, малынан айырылған жәбірленуші тараппен ымыраға келе алмайды, яғни бұл жерде екі тараптың татуласуына жол берілмейді.

 

         Сотта татуласу институты жұмыс істейтіні баршамызға белгілі, яғни тараптар дауды татуласу келісімімен, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісіммен шешу немесе заңда белгіленген басқа да тәсілдермен реттеу құқығын пайдаланатын.    Бұл дегеніміз, бұрын келген шығынды өтеп берсе, яғни ұрланған малын жәбірленушіге қайтарып берсе немесе орнын толтырса, кешірім беріліп, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғамен татуласу мүмкін болатын.

         Енді, ауыр қылмыс санатындағы мал ұрлығы татуласуға жатпайды.

 

         Осы тұрғыда, барымташыларға қолданылатын жазаның ауырлап, татуласуға тыйым салынуы ‑ мал ұрлығына мықты тосқауыл болып отыр.

 

         Қорыта айтқанда, бұл норманың маңызы өте зор.

         Мемлекет басшысының тікелей қолауымен мал ұрлығын жасаған адамдарға қатысты жазаны қатаңдату, аталған санатағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың санын азайтып, ата кәсіппен айналысатын ауыл тұрғындарының одан әрі шаруасын дөңгелетіп, меншік құқығының қорғалуына заңмен кепілдік беретінінің айғағы деп санаймын.

         Төрт түлікке қол сұғу ‑ ауыл адамдарының күнөріс көзінен айырумен бірдей.

 

         Индер аудандық сотының төрағасы Ж.С.Хабаров

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521