banner_damu

Махамбет Досмұхамбетов энергия жүйесінде олқылық болдырмауды тапсырды

«Бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыстың энергия жүйесінде олқылықтарды болдырмауға қатысты арнайы жиын өткізді»,- деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

«KEGOC» АҚ компаниясының ахуалдық орталығына барып, жасалып жатқан жұмыстарды көріп шықты. Сосын кеше өз тапсырмасымен құрылған жұмыс тобының есебін тыңдады. Жұмыс тобы құрамына әкімдіктің өкілдері, энергетикалық бақылау мен энергетикалық компаниялардың өкілдері кірген болатын.

Кеше шұғыл түрде қолға алынған шаралардың арқасында облыс тұтынушыларын электр энергиясымен қамтамасыз ету толығымен қалпына келтірілді. Батыс филиалының энергожүйесінде болған технологиялық ақаулар бұрынғы қабылданған инвестициялық жобаларды жедел түрде жүзеге асыруды қажет етеді. Аймақ басшысы энергия жүйесінде кінарат болмауды қамтамасыз ету үшін бірқатар тапсырмалар берді.

Еске сала кетейк, 10 қаңтар күні кешке «KEGOC» АҚ-ның электр желісінің 220 кВ Л-254-Орал-Индер, Л-201-Атырау-Индер және «Karabatan Utility Solutions» ЖШС-ның 2 генераторы уақытша істен шығып, салдарынан «Атырау Жарық» АҚ-ның электр желісін тұтынып отырған — Атырау қаласының сол жақ бөлігі мен аудандардағы кей елдімекендер уақытша электр желісінен ажырап қалған болатын.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика