banner_damu

Коронавирусқа қарсы вакцина алған атыраулық туған күнінде 200 мың теңге ұтып алды

«Бүгін, 11 тамызда Атырауда «Вакцина ал да, ақша ұтып ал» ұтыс ойынының төртінші кезеңі болып өтті» деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ұтыс ойыны қорытындысымен 10 жеңімпаз анықталды. Олардың әрқайсысы 200 мың теңгенің сертификатын ұтып алды. Жеңімпаздардың бірі Атырау қаласының тұрғыны Нұрлан Қуанышев. Бүгін туған күнін атап өтіп жатқан жеңімпаз төрт баланың әкесі. Ол «Спутник V» вакцинасының І компонентін алған.

«Мен вакцинаны 6 тамыз күні Атырау қалалық нөмірі 7 – ші емханада алдым. «Туған күнімде ұтыс иесі атанамын» деген ой болған да жоқ. Менің жақындарым бұл қуанышты хабарды мерекелік дастархан басында естіп, қатты қуанды» дейді жеңімпаз. Нұрланмен бірге ақшалай ұтыс иесі атанғандардың қатарында облыстың тағы да тоғыз тұрғыны бар:

Лариса Долда, Атырау;

Айсұлу Бисенғалиева, Еркінқала ауылдық округі (Атырау);

Болат Ерғалиев, Құрманғазы ауданы;

Тимофей Турко, Атырау;

Сымбат Кудияр, Атырау;

Асқар Қыстаубаев, Атырау;

Ғайни Әзмағамбетова, Атырау;

Байқоныс Сәрсенбаев, Атырау;

Дидар Есенұлы, Атырау;

Еске сала кетелік, Атырау облысы Азаматтық Альянс ұйымы ұйымдастырып отырған ұтыс ойыны 30 қыркүйекке дейін жалғасады.

Жүлденің жалпы қоры – 40 миллион теңге.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика