Кесірлі келін   (фельетон)

...Іңір қараңғысы түсіп, жұрт орынға отырған кез. Айтқаным шешей екі немересі-Зинеден мен Ғайнеденді айналып-толғанып, қазан жақта от жағып жүр. Ерлі-зайыпты -Аухат пен Жәміш қолтықтарында көпшік, жантайып-жантайып жатыр. Бүгежеңдеген кемпір байғұс табақ толы лапшаны тәлтіректей басып, әрең дегенде алдыңғы үйге алып келді.

-Бетіндегі жылты тым аз ғой, қалқып іштің-ау, жалмауыз,-деп ашушаң келін кемпір мен табақ толы лапшаға кезек-кезек қарап қойды. Дастарқан жайылып, тарелкаларға  лапша құйыла бастады. Кемпір өз үлесін алып, жаңа тамақтана бергенде келін Жәміш:

-   Ал,жалмаңдады ,-деп енесіне алара қарады.

-Ау, жаным менің жазығым не, екі сәбиді күні-түні мәпелеп бағып, астарыңды даяр еткеннен басқа қандай «зыяным» бар?  - деді ашыпған ана.

 -Қысқарт сөзді, әйтпесе астан айрыласын ,-деп қаhарланды Жәміш келін.

Сол-ақ екен, Жәміш жүгіріп келіп, қарт ананың алдындағы лапшаны аяғымен аударып тастады да: «Таста аузыңдағы бір үзім нанды» - деп  жер тепкіледі. Кемпір тастай қоймап еді, қаһарға мінген Жәміш оны жұлқыншақтан алып, аузына қолын салып былғалап-былғалап бір үзім нан алып шықты. Міне, әлсіреген кемпірдің аузы-басы қанға жуылып, зар илеп отыр. Бірақ аухат тырп етпеді, үн де шығармады.  Сөйтіп сорпаны сораптай берді.

  • Жалғыз ұлдың жарынан осындай қорлық көргенше қаңғып-ақ кетейін, - деп еңіреген қарт ана жалаңбас жалаңаяқ үйден шыға жөнелді.

...Сырт ызғырық жел, көзге түртсе көрінбейтін тасқараңғы, жайлап жаңбыр сіркірейді. Соққыға жығылған сорлы кемпір көрші үйге барып паналап, сонда қонды. Тоғыз ай көтеріп, түн ұйқысын төрт бөліп емізген, ыссыға күйдірмей, суыққа тоңдырмай, ақ сүт беріп әлпештеп өсірген – анасының соңынан Аухат ере шығып, оған тоқтау салмады, тіпті ертеңіне оны іздемеді де.

       Айтқаным шешейдің естіп жүрген сөзі, жеп жүрген таяғы бір бұл емес-ті. Оның өз сөзімен айтқанда былай көрінеді.

  • Жалғыз ұлым Аухаттың осы Жәмішке үйленгеніне төрт жылдан асты. Міне, содан бері келіннен көріп келе жатқаным оқты сөздер мен таяқ жеу, онымен де қоймай бар тағамды құлыптайды да қыдырып кетеді. Біздер баламыз бен немерелеріміз болып қаңтарыламыз да отырамыз.

Біздің әңгіме етіп отырғанымыз  аудандық тұтынушылар одағының жәрдемші бухгалтері комсомолец Тасымовтың семьясы осылайша - күнде төбелес, күнде керіспен тұрып жатыр. Тату-тәтті семья құруға Тасымовтың өзі де, туберкулез диспансерінде жұмыс жасайтын оның жұбайы – Жәміш Ахметқалиева да тиісінше жұмыстанбай, жұрт алдында масқара болып жүр.

Екі күннің бірінде қарт ананы зар еңіретіп, өзінің ерін сыйламайтын, бейбастақ та кесірлі келінге оның көрші-көлемдері жиіркене қарап, тістене сөйлейді.  Советтік семьяның жат қылықтармен шұғылданған қарт ананы ардақтамайтын ақымақ Жәмішке оның жұмыстас құрбыларының төзімділік көрсетіп келе жатқандығына да таңымыз бар.

Біздерше кесірлі келінге тиісті орындардың назар аударып,ондайлардың айналасына қоғамдық пікір ұйымдастырған жөн ғой деп ойлаймыз.

 

                                                                                                                                                                                                 М.Қайрақов.      

                                                                                                                                                        "Социалистік мал шаруашылығы" газеті

                                                                                                                                                                                                1957 жыл №32           

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521