«ҚАРА ЖЕСІР» ҚАУІП ТӨНДІРІП ТҰР

Қазіргі мезгіл – улы жәндiктердiң белсенді әрекет ететін шағы. Әсіресе, шөлейтті өңірімізде ең қауіптісі қарақұрт саналады. Бұл жәндіктің уы жыланнан да сан мәрте күшті деседі. Енді, міне, жаздың алғашқы айы өтпей жатып, аудандық ауруханада қарақұрт шағып, ем алып жатқан адамдардың қатары көбейе бастады.

Аудандық аурухананың бас дәрігері Анар Доспаевадан білгеніміздей, бүгінге дейін аудан бойынша 10 адам улы жәндіктен запа шегіпті. Олардың ішінде бірі 7 жастағы, екіншісі 15 жастағы бала екен. Жапа шеккендер қырда жүрген жандар емес, бәрі де – елді мекеннің тұрғындары. Оның ішінде аудан орталығы Индербор кентінен де және барлық ауылдық округтардан да бар екен.

-Қарақұрт шағып ауруханаға түскен тұрғындардың барлығының алғашқыда жағдайлары өте ауыр болды. Медициналық ем-домның нәтижесінде жағдайлары қалыпқа келді. Олардың 9-ы ауруханалық жағдайда ем алса, бір адам ғана емханалық ем алды. Қарақұрттың шабуылы жылда маусым мен шілде айларында тіркеліп жүр. Ал тамыз айында уының қуаты артып, тіпті қауіпті бола түседі. Қарақұрт уына қарсы сарысу (сыворотка) дәрі қоры аудандық ауруханада әзірге бар. Қауіптің күшеюіне байланысты облыс- тан оның қорын тағы да толықтыруға ұсыныс беріп отырмыз, Улы жәндік шаққан жағдайда бірден жедел жәрдем шақыру керек. Немесе жақын жердегі медициналық меке - меге жеткізу қажет. Дұрыс және өз уақытысында емдеу удың қауіп-қатерін төмендетеді. Егер медициналық көмек дер кезінде көрсетілмесе, адам ажал құшуы мүмкін. Сондықтан абай болған жөн,- деді бас дәрігер Анар Доспаева.

Кішкентай ғана қарақұрт жардай атан мен асау жылқыны да, тіпті тоңмойын шошқаны шаққанда сеспей қатырады. Айтқандай, қарақұрт биыл да төрт түлік малға қырғидай тиіп жатыр. Аудандық ветеринариялық станса басшысының орынбасары Ержан Әбішовтан білгеніміздей, биыл 87 түйені қарақұрт шаққаны анықталып отыр. Соның ішінде 79 түйені емдеп жазып алуға мүмкіндік болған. Ал 8 түйе жәндік уының зардабынан өлген. Сондай-ақ, 9 жылқыны шақса, соның 4-еуі емдеуге көнген. Ал өлген 5 жылқының бәрі де құлын көрінеді.

– Біздің тарапымыздан малды аман алып қалу бағытында шаралар жүргізілуде. Егер тұрғындар тарапы- нан ұсыныс білдірсе, үйлерінің аулала- рын, мал-қораларын дезинфекциялық жұмыстарын ақылы түрде жүргізіп бере аламыз. Мал ұстамайтын ауласы бар тұрғындар да тапсырыс беруге бо- лады. Сондай-ақ қарақұртқа қарсы дәрі- дәрмектің ветеринариялық дәріханада да бар екенін қаперге беремін. Қазіргідей қарақұрт көбейген шақта мал иелері малдарына бақылауды күшейтіп, улы жәндік шақса, ем қолдану қажет етеді, – дейді аталмыш станса басшысының орынбасары Ержан Әбішов.

Бір қызығы, қарақұрттың уы қой мен ешкіге дарымайтын көрінеді. Қой тіпті қарақұртты қуып жүріп жейді. Әрі қойдың иiсi шыққан жерге мүлде жоламайды екен. Сондықтан да ата-бабаларымыз орнала- сатын жерге ең алдымен қойларын жайып алған. Сондай-ақ үйдi де қойдың жүнiнен жасалған арқанмен қоршап қоятын болған деседі. Қазақ емінде қарақұрт шақса, қойдың сорпасын ішкізіп, терісін жапса, уы қайтады екен. Мамандардың айтуынша, қарақұрттың еркегінің уы әлсіз болғандықтан адамның терісін тесіп, шаға алмайды. Ал нағыз улы - сы ұрғашысы көрінеді. Қарақұрттың кейбір ұрғашы түрлері шағылысқаннан кейін еркегін жеп қояды. Сондықтан да оны «қара жесір» деп те атайды.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521