Құрбан айтқа орай спорттық сайыстар өтті

Мереке спорттық шарамен сабақтасты. 10-15 жас аралығындағы ұлдар арасында ешкі көтеру сайысында Ерхан Аманжол 47 рет көтеріп, ешкіні қанжығасына байлады.

Гір тасын көтеруден Фархад Серіков І орын, Нұрбек Сағынов ІІ орын, Әмірхан Дәулетқалиев ІІІ орынға ие болды. Ләңгі тебуден Ерболат Каримов (110 рет) І орынды иеленсе, Самиғолла Піштібаев ( 105 рет) ІІ орын, Асхат Құтқожин (75 рет) ІІІ орынды жеңіп алды. Ал қол күресінен Айбек Ерғалиев І орын, Бектас Ораз ІІ орын, Аян Қанатұлы ІІІ орынға ие болды. Арқан тартыс сайысында «Құрылыс» командасы І орынды, «Жастар» командасы ІІ орынды, «Шығыс» командасы ІІІ орынды еншіледі.

Сонымен қатар, саябаққа жиналған балаларға арнайы «Құрбан айт сыйлықтары» үлестірілді.

Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521