ИНДЕРДЕ ЗАМАНАУИ ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ КОМПЛЕКСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Бүгін республикалық маңызы бар «Атырау-Орал» тас жолының бойынан «PromGaz» компаниясының заманауи үлгідегі жанар-жағармай құю бекеті ашылды. Жаңа нысанның ашылу салтанатына қатысқан аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы А.Үмітқалиева Мемлекет басшысының аймақтарды дамыту, жаңа өндіріс орындарын ашу тапсырмасына сәйкес өңірде кәсіпкерлікті дамытып, жұмыс көзін ұсынып отырған кәсіпкерге аудан тұрғындарының атынан ризашылығын білдірді. Жаңа бекетте автокөліктерге газ, дизельдік отын, АИ-92 және АИ-95 маркалы жанар-жағармайды тәулік бойы, бір мезгілде 12 автокөлікке жанармай құю қызметтері қарастырылған. Бұған қоса, бекет аумағында 60 орынға арналған тәулік бойы жұмыс істейтін асханасы, азық-түлік және автокөлік құралдарын сатып алуға болатын супермаркеті және 16 адамға арналған қонақ үйі заман талабына арналып салынған. Айта кетерлігі, жаңа нысанның ашылуы жергілікті 60 адамды тұрақты жұмыспен қамтылуына мүмкіндік берді. Міне, елімізде осындай кешендердің ашылуы болашағы зор елдің ертеңіне айналуына үлкен септігін тигізері анық. Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT