Индерде масамен күреске 8 миллиондай қаржы бөлінген

Тұрмыстық жемқорлықты жою және қолайлы орта құру, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында "Адалдық алаңы" жобаық кеңсесінің Индер аудандық өкілі де біраз жұмысты қолға ала бастады.

Аталмыш кеңсенің аудандағы өкілі Әсел Сарғойшинаның ай-туынша «Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі тұрмыстық жемқорлықты жою және қолайлы орта құру үшін білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамтамасыз ету, сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы, жер қатынастары салаларында туындауы мүмкін құқық бұзушылықтың алдын-алу, олардың жолын кесу және болдырмау бағытында ішкі талдаулар мен қоғамдық бақылаулар жүргізген. Соның бірі - маса улау мәселесіне қатысты.

-Индербор кенті әкімдігі мемлекеттік сатып алу туралы заңының бір көзден отыру тәсілімен «Көпқабатты үйлердің жертөлелерін маса және өзге де зиянды жәндіктерден тазарту» қызметі бойынша «International safety standard group» мекемесімен 7 млн. 769 мыңға теңге келісімшарт жасалып, 60 күн ішінде қызмет көрсету көзделген. Техникалық ерекшелікте нақты іс-шараны өткізу мерзімі, неше рет улайтыны немесе удың құрамы көрсетілмеген. Яғни жан-жақты қамтылып жасалмаған. Жертөлелерді улау кезінде де тапсырыс беруші мекеме тара-пынан мамандар барып, бақылау жасаған жоқ. Сондықтан немқұрайлылықпен орындалуына орай, түрлі жағымсыз пікірлер қалыптасты және нәтижесіз жұмыстар жасалуда,- дейді Ә.Сарғойшина.

Сондықтан да 2021 жылға мемлекеттік тапсырысты жоспарлаған кезде осы мәселелерді ескеру және тапсырыс беруші мекеме тарапынан мекеме қызметін бекітілген кестеге сай жүзеге асуын бақылауға алу жөнінде ұсыныс берілген.

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521