«Индер судың» игілігі

Индер ауданының халқына «Индер су» ЖШС коммуналдық қызмет көрсетіп отыр. Кәсіпорын негізінен Индербор кентінің тұрғындарын сапалы да таза ауыз сумен жабдықтап, кәріз жүйелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз етуде. 

Серіктестік директоры Тельман Ерғазиевтің айтуынша, Индербор кенті бойынша су құбырларын айтпағанда, кәріздік тазарту желілерінің жалпы ұзындығы 90 шақырымға жуықтайды. Күнделікті аққан лас су жинақталатын құдықтың саны  1524-ті құрайды. 

– Ұжымға жүктелген басты міндет – тіршілік нәрі саналатын таза ауыз судың тұтынушыларға кідіріссіз жеткізіліп, кәріз желілерінің апатсыз, қалыпты жұмыс режимін сақтау. Осы мақсатта түнгі кезекшілік те ұйымдастырылып отыр. Өйткені, тәуліктің кез-келген уақытында құбырдың бойында апатты жағдайлар орын алуы ықтимал. Бұдан бөлек, су тасқыны кезінде серіктестіктің жұмысшы-қызметкерлері Жайық бойындағы ауылдарды қорғау мақсатында дамбы салып, бөгеттерді бекемдеу жұмыстарына да белсенді атсалысты. Сындарлы сәтте ерен еңбегімен ерекшеленген азаматтарымызды «Бүгінгі күннің батырлары» деп дәріптесек те артық емес. Тек ескерерлігі, тұрғындар да көрсетілген қызметті бағалап, елді мекеннің тазалығын сақтауға үлес қосқандары жөн, — дейді ұжым басшысы.

Дәулетқали АРУЕВ

Атырау газеті

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521