Есепте тұрғандар ескеріледі

Аудан прокуроры Абзал Сахиев төрағалығымен пробация тізімінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша кездесу өтті.

Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин, аудандық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бастығы Батырбек Қайыржанов, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің басшысы Ажар Серікқалиева мен аудандық пробация қызметі тобының аға инспекторы Бибігүл Қанатбаева қатысты.

Алдымен аудан прокуроры жиынның маңыздылығын түсіндіре келе, пробация тізімінде тұрған азаматтарға жекелей тоқталып, әлеуметтік жағдайларымен танысты.

Жиынға қатысқан пробация тізімінде тұрған азаматтардың бірқатары өздеріне ұсынылған жұмысқа орналасуға ниетті екендігін айтса, кейбірі денсаулығы жарамсыздығына байланысты лайықты жұмыс таба алмай жүргендігін жеткізді.

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ажар Серікқалиева тізімдегі азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету бағытында өткен жылы 6 адамға жалпы көлемі 310 мың теңге берілсе, 4 адам жұмысқа орналасып, 2 адам жұмыспен қамту орталығы арқылы қайтарымсыз грант иегері атанғанын айтып өтті.

Сонымен қатар, аудан бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында облыс әкімдігінің «2024 жылға Атырау облысы бойынша жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» №283 қаулысы аясында «Амир-Холдин Казахстан» ЖШС, «InderTuzKompany» ЖШС, «ИндерГипс» ЖШС, «ИсиГипсИндер» ЖШС, «ИндерТемірЖолы» ЖШС мекемелері енгізілген.

Басқосу аясында пробация субъектілері арасында қылмыскерліктің алдын алу мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды.

Жиынды аудан прокуроры Абзал Сахиев қорытындылап, пробация тізімінде тұрған азаматтармен жұмысты жүйелендіру мақсатында айтылған ұсыныс-пікірлер назарға алына отырып, нақты жоспар құрылсын деді.

Ж.НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521