Есбол ауылында тұңғыш рет «Халық банктың» банкоматы бүгіннен бастап өз жұмысын бастады. Банкомат ауылдық әкімшіліктің ғимаратына орналасқан. Тұтынушылар тәулік бойына банкомат қызметін пайдалана алады.
-Есбол ауылымен қатар көршілес Көктоғай, Өрлік, Ынтымақ, Елтай ауылдарының тұрғындары да жалақы, зейнетақы және жәрдемақыларын осы банкомат арқылы алуларына өте тиімді, - дейді «Халық банк» аудандық филиалының басшысы Тазагүл Жұматаева.
С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ,
Есбол ауылы