Ертең - әкелер күні

Қазақстанда әке институтын дамыту – еліміздің отбасылық және гендерлік саясаттың басым міндеттердің бірі.

Ол 2030 жылға дейінгі «Отбасылық және гендерлік саясат» тұжырымдамасында көрсетілген. Қазақстанда заңнамасы жұмыс істейтін ер адамға (әкеге) анасымен тең дәрежеде бала күтімі бойынша демалыс алуға және рәсімдеуге мүмкіндік берілген.

Жалпы 2012 жылдан бастап қазақстандық әкелерді біріктіретін платформаның бір түрі – «Әкелер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі жұмыс істеуде. Одақ әкелерді отбасылық өмірге және салауатты, тәрбиелі, мәдениетті және білімді ұрпақты тәрбиелеуге ынталандырумен айналысады.

Бүгінгі таңда мектептерде «Әкелер одағының» 200-ден астам филиалы ашылды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521