Енді жұмыстан қысқарту да онлайн ескертіледі

Жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін enbek.kz Электрондық еңбек биржасында мемлекетттік органдарды қызметкерлердің қысқартылатыны жайлы хабардар ететін функционал іске қосылды.

ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 28-бабына сәйкес барлық ұйымдардың кадрлық бөлімдері қызметкерлерді жұмыстан босататыны туралы ақпаратты жұмыспен қамту орталықтарына алдын ала беруге міндетті. Осы уақытқа дейін кадр бөлімінің қызметкерлері арнайы қағаз құжаттарды толтырып, оны өздері барып тапсыруға мәжбүр болатын. Енді бұл рәсім барынша жеңілдетіліп, жеделдетілді.

Жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасы порталындағы жеке кабинетінде қызметкерлердің санын, олардың жалақы мөлшерін, лауазымын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыстан шығу себептерін (қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруы, жұмыс беруші қызметінің тоқтатылуы, кәсіпорынды тарату, өндіріс пен орындалатын жұмыстар мен қызметтер көлемінің төмендеуі), сондай-ақ босатылатын мерзімді көрсете отырып алдағы уақытта қызметкерлерді қысқартатыны туралы мәліметтерді толтыра алады.

Бұл туралы хабарлаған 24.kz сайты Еңбек ресурстарын дамыту орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасайды. Қызметкерлерді қысқарту туралы деректерді беруді автоматтандыру жұмыссыз қалған азаматтарға уақтылы жаңа жұмыс орындарын табуға септігін тигізеді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз