Елтай ауылындағы 125 сайлау учаскесінде белсенділік жоғары. Аталған сайлау учаскесі бойынша 1392 сайлаушы тіркеліп, оның ішінде 4 мүмкіндігі шектеулі жандар (1 арбада таңылған, 3 құлағы естімейтін), 31 жас сайлаушы бар, оның 5-і алғаш рет дауыс беруде. Ал 17.00-ге дейін 879 сайлаушы дауыс беріп үлгерді.
87 жастағы Зинаида Ихсанова мен ең жас сайлаушы Фархат Дулатұлы да саяси науқанға өз үлестерін қосып, таңдауын жасады.
Жадыра НАРИМАНҚЫЗЫ