Дендер тазалық айлығын дүйсенбіде бастайды

Аудан елді мекендерін көріктендіру мен санитарлық жай-күйін байқау туралы Индер ауданы әкімінің қаулысы шықты. Соған сәйкес алдымыздағы 16 наурыз бен 16 мамыр аралығында жазғы-қысқы маусымға дайындық пен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында көктемгі тазалықтың екі айлығы жарияланды.

Қаулыда көзделгеніндей, ол жұмыстарды үйлестіретін арнайы штаб құрылып, әр елді мекен бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп отыр. Айлық аясында стихиялық сауда орындары мен автокөлік тұрақтарына тыйым салынып, қоқыс алаңшаларын талапқа сай ету жұмыстары жүргізілмек. С

ол секілді, көп қабатты үйлердің жертөлелерін судан тазарту, инженерлік желілердегі ақауларды жою, көшелерді реттеп, бұралқы ит-мысықтарды жою, көшеттер егіп, ауыл-аймақты жасыл-желекке орау сынды біраз тапсырмалар жүктеліп отыр.

«Ауыл көркі-өз көркің» демекші, ортақ міндетке халықтың да бірауыздан қолдау танытқаны керек-ақ.

"Дендер"-Ақпарат

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз